Балалар мекемелеріне ерекше санитариялық бақылау енгізіледі

/
Балалар мекемелеріне ерекше санитариялық бақылау енгізіледі
istockphoto.com

1 ақпаннан бастап Қазақстанда балалар мекемелерінде ерекше бақылау енгізіледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібі аталған нысандарда санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз етуге; себеп-салдарға ден қоюға ғана емес, бұзушылықтардың алдын алуға көшуге; қоғам мен ата-аналар үшін бақылаудың ашықтығын арттыруға; қызметтің өнім берушілерінен бастап процеске қатысатын барлық субъектілердің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік берді.

«Ерекше тәртіпті енгізу – бұл балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауды күшейтуге бағытталған жүйелі шешім және бұл соңғы жылдары санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында шешімін таппай келе жатқан проблемаларды шешуге мүмкіндік береді», - деді спикер дөңгелек үстел барысында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары