Жаңаөзенде тағы бір ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды

/
Жаңаөзенде тағы бір ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды
istockphoto.com

Жаңаөзенде тұрмыстық жанжал кезінде пышақ жарақатын алған 44 жастағы ер адам медициналық мекемеде көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жанжал алкогольдік ішімдік ішу барысында шыққан. Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті  ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзенде 29 жастағы жас дәрігер жұмыс орнында пышақ жарақатынан қаза тапқан еді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары