Қытайда Жаңа жыл мерекесі тойлануына байланысты «Қорғас» ШЫХО-ның қызметі уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Орталық 2026 жылғы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін жабық болады.
Аталған кезеңде Қазақстан тарапында туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
2 наурыз 2026 жылдан бастап Орталық қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.