Астанада Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері есірткі қылмысының жолын кесті

/
Астанада Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері есірткі қылмысының жолын кесті
Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері елордадағы Байқоңыр ауданында патрульдеу кезінде есірткіге қатысты қылмыстың жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қала көшелерін патрульдеу барысында әскери жасақ бастығы қатардағы Дәурен Өмірбек және патрульдеушілер қатардағы Дәуір Әшімбек пен Досымжан Дәулетхан күмәнді әрекет жасаған белгісіз тұлғаларға назар аударады. Көліктен түскен екі азамат айналасына жалтақтап, қардың астынан белгісіз затты алып, оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан.

Жағдайды жедел бағалаған ұландықтар  дереу оларды қууға кірісіп, күдіктілердің бірін ұстады. Ал қалған екеуі қашып үлгерген. Оқиға туралы әскери жасақтар кезекшісіне жедел түрде баяндалды. Кезекші 102 нөмірі арқылы полиция қызметкерлеріне хабарлады.

Аталған факт бойынша материалдар тергеу-жедел тобына тапсырылып, ұсталған азамат заңнамаға сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған оқиға Ұлттық ұлан әскери қызметкерлерінің жоғары даярлығы мен қырағылығын айқын көрсетеді. Күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген ұландықтар есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске елеулі үлес қосуда.

Айта кетейік, 2025 жылы есірткі заттарын заңсыз сақтау және тасымалдаудың 56 дерегі құқықтық тәртіп әскерлерінің арқасында анықталып, тіркелген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары