Конституцияға өзгеріс енгізу керек болса, тек референдум арқылы жасауға болады – Президент

/
Конституцияға өзгеріс енгізу керек болса, тек референдум арқылы жасауға болады – Президент
Ақорда

Егер болашақта Конституцияға қандай да бір өзгерістер, тіпті, шағын өзгерістер енгізу керек болып жатса, ондай қадамды тек референдум арқылы ғана жасауға болады деген ойдамын. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Конституция, бұл – кез келген елдің ең басты жол көрсететін құжаты, темірқазығы. Конституцияны бәріміз білуіміз керек, бағалауымыз қажет.

Сондықтан егер болашақта Конституцияға қандай да бір өзгерістер, тіпті, шағын өзгерістер енгізу керек болып жатса, ондай қадамды тек референдум арқылы ғана жасауға болады деген ойдамын. Бұл да халқымыздың азаматтық құқығын күшейтудің маңызды тәсілі деп сенемін.

Тағы бір айта кететін маңызды жайт: Комиссия Конституцияға қатысты ұсыныстың бәрін мұқият саралап шықты. Мұқият ойластырылған түзетулер Конституцияның барлық негізгі бөлімдері мен баптарын, преамбуласын түгел қамтитын болады», - деді Қ. Тоқаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары