Биылғы 14 ақпанда «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында дәстүрлі қалың мұз айдынында жүгіруден Burabay Ice 2026 жарысы өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қысқы маусымдағы бұл халықаралық фестиваль 2026 жылға арналған іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген.
Бүгінде жарысқа қатысуға 500 астам спортшы тіркелді. Олардың қатарында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен және Франция, Ұлыбритания, Венгрия, Канада, Ресей, Өзбекстан, Жапония, Жаңа Зеландия және Перу елдерінен трейлраннинг өкілдері мен экстремалды жүгіруге ден қойған туристер бар.
Мұз айдынында жүгіру бірнеше қашықтық бойынша өтеді: 7, 14 және 21 шақырым.
Бұл іс-шара Бурабай курортының көркем табиғатында демалыс күндерін өткізуге мүмкіндік беріп, өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
Күнтізбеге мәдени, этномәдени, спорттық, гастрономиялық және экологиялық іс-шаралар енгізілген: https://event.qaztourism.kz/?lang=kz