Жаңаөзенде 29 жастағы дәрігерді жұмыс орнында өлітіріп кеткен

/
Жаңаөзенде 29 жастағы дәрігерді жұмыс орнында өлітіріп кеткен
istockphoto.com

Жаңаөзен қаласында ер адам 29 жастағы дәрігерді жұмыс орнында пышақ сұғып, өлтіріп кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі ер адам арасындағы жанжал отбасылық-тұрмыстық кикілжіңнен туындаған. Күдікті өз еркімен полицияға келіп, болған жағдайды мойындады.

Қылмыс 28 қаңтарда болған. Медициналық мекеменің дәлізінде ер адам дәрігерге шабуыл жасап, оны пышақтаған. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша,  жанжал отбасылық-тұрмыстық қатынастарға байланысты шыққан. Пышақ жарақаты салдарынан 29 жастағы ер адам қаза тапты.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

— Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, — деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары