Маңғыстаудың сүт өнімдері Біріккен Араб Әмірлігінде таныстырылды

/
Маңғыстаудың сүт өнімдері Біріккен Араб Әмірлігінде таныстырылды
АШМ

Қазақстан атынан Жаңаөзен қалалық сүт зауыты Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлемдегі ең ірі халықаралық азық-түлік көрмелерінің бірі - Gulfood көрмесінде өз өнімдерін халықаралық нарыққа ұсынуда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған көрмеге 50-ден астам мемлекеттен азық-түлік өндірушілері, дистрибьюторлар мен ірі сауда компаниялары қатысуда.

Gulfood - азық-түлік және сусын индустриясындағы ең беделді алаңдардың бірі. Көрме аясында Жаңаөзен қалалық сүт зауыты экологиялық таза сүт өнімдерін, соның ішінде өңірде өндірілетін ұлттық өнімдерді таныстырып, шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнатуда. Көрменің басты мақсаты - отандық өнімдерді халықаралық нарыққа шығару және экспорттық әлеуетті арттыру.

Айта кетейік, жуырда Жаңаөзен қаласында сублимацияланған құрғақ түйе сүтін өндіретін цех өз жұмысын бастады. Жаңа өндіріс орны жоғары сапалы, экологиялық таза өнім өндіруге бағытталған. Алдағы уақытта зауыт өнімдерін экспортқа шығару жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Қытай мен Біріккен Араб Әмірлігінің нарықтарына өнім жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Цехтың негізгі мақсаты - жыл бойы шұбат өнімін үздіксіз өндіру. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын қолдау және сүт қабылдау көлемін ұлғайту көзделіп отыр. Бұған дейін зауыт 30-ға жуық шаруа қожалығынан жылына 68 мың литр сүт қабылдаса, алдағы уақытта бұл көрсеткішті екі есеге арттыру жоспарланған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары