«Тальго» пойызының бірнеше бағытындағы билеттерге 25% жеңілдік енгізілді

/
«Тальго» пойызының бірнеше бағытындағы билеттерге 25% жеңілдік енгізілді
ҚТЖ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ сұранысқа ие бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттеріне қысқы жеңілдіктер жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Жеңілдік шарттары белгіленген мерзім ішінде қолданылады және жол жүру құжаттарын рәсімдеудің бекітілген талаптары сақталған жағдайда ұсынылады.

Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жөнелтілетін пойыздарға қолданылады:

№11/12 «Алматы – Шымкент» бағытындағы «Тальго» пойызы

• Жеңілдік түрі: Турист «2Д» орындарына

• Жеңілдік мөлшері — 25%

№65/66 «Астана – Қызылорда» бағытындағы «Тальго» пойызы

• Жеңілдік түрі: үстіңгі орындарға

• Жеңілдік мөлшері — 25%

№105/106 «Алматы – Петропавл» бағытындағы «Тальго» пойызы

• Жеңілдік түрі: үстіңгі орындарға

• Жеңілдік мөлшері — 25%

Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан, сондай-ақ теміржол вокзалдарындағы билет кассаларында қолжетімді. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы тегін алуға болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары