Ақтөбедегі ҚАЖ мекемесінде тыйым салынған заттар тәркіленді

/
Ақтөбедегі ҚАЖ мекемесінде тыйым салынған заттар тәркіленді
Ұлттық ұлан

Ақтөбе қаласында Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері ҚАЖ департаментімен бірлесіп, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің алдын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне тиесілі №8 мекеменің тексеру бөлмесінде болды.

Сәлемдемені рентген қондырғысын қолдана отырып тексеру барысында тыйым салынған заттар анықталды. Бұл тұрғыда ҚАЖ қызметкерлерімен бірлескен сержант Айзат Құрмашев пен кинолог-маман Азат Ахуновтың қырағылығы, кәсібилігі және үйлесімді іс-қимылы өз нәтижесін берді.

Тексеру кезінде модем-роутер, портативті акустикалық колонка, үш зарядтау құрылғысы, сондай-ақ флеш-жинақтағыш тәркіленді. Сәлемдемені жіберген азамат ұсталып, заңнамада белгіленген тәртіппен әрі қарай тексеру үшін тиісті органдарға тапсырылды.

Айта кетейік, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы ҚАЖ органдарымен бірлесіп, мекемелерге тыйым салынған заттардың жеткізілу арналарын анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары