Конституциялық реформалар қоғам бірлігін одан әрі нығайта түспек – маман

Конституциялық реформалар қоғам бірлігін одан әрі нығайта түспек – маман

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия жұмысының бастауы – еліміздің дамуы үшін маңызды әрі жауапты кезең. Бұл үдеріс Конституцияны тек заңдар жиынтығы ретінде ғана емес, қоғамды біріктіретін ортақ құндылықтар жүйесі ретінде жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді.

Қоғамдық талқылауда дін мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазақстан Конституциясы мемлекеттің зайырлы сипатын және әр азаматтың ар-ождан бостандығын берік негізде бекітеді. Алдағы реформалар осы қағидаттарды сақтай отырып, қоғамдағы өзара түсіністік пен тұрақтылықты одан әрі нығайтуға бағытталуы маңызды. Діннің қоғамдық өмірдегі орны құқықтық тепе-теңдік пен өзара құрмет аясында айқындалуы қоғам бірлігін күшейтеді.

Мәдениет пен ұлттық құндылықтар реформалар аясында біріктіруші фактор ретінде қарастырылуда. Қазақстанның көпэтносты және көпконфессиялы сипаты мәдени әралуандықты қоғамның байлығы ретінде қабылдауға негіз береді. Мәдени мұра мен тарихи сабақтастықты сақтау – ортақ болашаққа деген сенімді арттыратын маңызды негіз. Бұл тұрғыда мәдениет қоғамдық келісімді тереңдететін ортақ кеңістік рөлін атқарады.

Конституциялық реформалардың негізгі мақсаты – әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау тетіктерін жетілдіру. Құндылықтар мен құқықтардың үйлесімділігі адам қадір-қасиетін басты орынға қою арқылы қамтамасыз етілуге тиіс. Мұндай тәсіл азамат пен мемлекет арасындағы сенімді нығайтады.

Жалпы алғанда, конституциялық реформалар – дін мен мәдениет салаларындағы қоғамдық үйлесімді сақтауға, құқықтық өркениетті дамытуға және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды мүмкіндік. Реформалардың табысты болуы олардың ашықтығына, қоғам- дық диалогқа және азаматтардың ортақ мүддесіне қызмет етуіне байланысты.

Сәмет БАЙЖҰМА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары