Мемлекет басшысы мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады

/
Мемлекет басшысы мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады
Ақорда

Президент Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусованы Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енуіне орай құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Бұл жоғары баға – Сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі. Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін алматылық педагог әлемнің үздік 50 ұстазының қатарына енгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Татьяна Белоусова – педагог-шебер, «Қазақстанның үздік ұстазы – 2024» құрметті атағының иегері. Оның кандидатурасы сауалнама мен қосымша материалдарды тапсырудан бастап, сараптамалық бағалау және финалдық іріктеуге дейінгі көпсатылы кезеңнен өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары