Алматылық педагог әлемнің үздік 50 ұстазының қатарына енді

/
Алматылық педагог әлемнің үздік 50 ұстазының қатарына енді
Алматы әкімдігі

Алматыдағы №95 мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусова Global Teacher Prize 2025-2026 халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік 50 педагогінің қатарына енді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Татьяна Белоусова – педагог-шебер, «Қазақстанның үздік ұстазы – 2024» құрметті атағының иегері. Оның кандидатурасы сауалнама мен қосымша материалдарды тапсырудан бастап, сараптамалық бағалау және финалдық іріктеуге дейінгі көпсатылы кезеңнен өтті.

Әлемнің ең үздік 50 мұғалімінің ресми тізімі 2025 жылы 15 желтоқсанда Global Teacher Prize ресми сайтында жарияланды. Финалистерді марапаттау рәсімі 2026 жылы 1-5 ақпан аралығында Дубайда халықаралық білім беру форумы аясында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан Global Teacher Prize байқауына бесінші рет қатысып отыр. Осы уақытқа дейін ел өкілдері, биылғы іріктеуді қосқанда, үш мәрте әлемнің үздік 50 педагогінің қатарына енген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары