Геннадий Головкин Өзбекстан құрамасының бокстан бас бапкеріне сыйлық табыстады (ВИДЕО)

/
Геннадий Головкин Өзбекстан құрамасының бокстан бас бапкеріне сыйлық табыстады (ВИДЕО)

Атақты боксшы Геннадий Головкин Өзбекстан құрамасының бокстан бас бапкері Түлкін Киличевке сыйлық жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Әлемдік бокстың жарқын жұлдызымен, қадірлі адаммен, Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкинмен кездескеніме өте қуаныштымын», — деп жазды өзбекстандық маман әлеуметтік желіде.

Желі қолданушылары олардың кездесуіне қатысты түрлі пікір қалдырған.

"Ай Генажан-ау, ақкөңілсің ғой, шіркін!", "Толқын аға абыройлы. Головкиннің өзі сыйлық жасап жатыр", "Гена, сенбе оларға. Олардың ойы - келесі Олимпиадада алтын ау", - деп жазды олар.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары