Ақмола облысының прокуратурасы балықшылар мен аңшылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аңшылық пен балық аулаудың заңдылығы, браконьерлікке жол бермеу және табиғат қорғау заңнамасын сақтау мәселелеріне басты назар аударылады.
2025 жылы аңшылық және балық аулау ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 8,5 млн теңгеге шамамен 400 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 11 қылмыстық іс тіркелген.