Яна Легкодимованы асқан қатыгездікпен өлтіріп, Жайық өзеніне лақтырып жіберген Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимов апелляциялық арыз берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы «Не молчи» қорының жетекшісі Дина Тәңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимовты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі 17 қарашада шыққан болатын. Судья Хамидуллина үкімді 6 қаңтарда берді. Үкім көлемді болғандықтан ұзақ ұстаған шығар. Ал кеше, 21 қаңтарда жәбірленуші тарап сотталған Ризуан мен Алтынбектің апелляциялық арызын алды. Адвокаттар құжаттарды оқып жатыр. Сотталғандар үкімді өзгертуге үмітті. Янаның анасы Галина Легкодимова екі адвокат жалдады. Келесі кезең – апелляциялық сот. Егер үкім күшіне енсе Ризуан мен Алтынбек №39 мекеме – «Қара бүркітке» кетеді. Қазір олар уақытша ұстау изоляторында. Қолдарында телефон мен интернет болуы мүмкін. Өз арызында Ризуан сотқа қоғамдық қысым қатты болғанын айтыпты», - деп жазды ол.