«Асылымның тұяғы»: Асанәлі Әшімовтың жары ұлына тілек арнады

/
«Асылымның тұяғы»: Асанәлі Әшімовтың жары ұлына тілек арнады

Атақты актердың ұлы Асанәлі кәмелеттік жасқа толды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жайлы марқұмның жары және Асанәлінің анасы Бағдат Әшімова әлеуметтік желіде айтты.

«Асылымның тұяғы, әкесінің ізбасары, кіші Асекең 18 жас кәмелетке толды. Балапаным өмір жасың ұзақ болсын. Алланың назарында бол балам. Асқар тау әкең сенің жігіт болғаныңа, ат жалын тартып мінгеніңді аңсайтын…Армандарың орындалсын. ӘКЕҢНІҢ ӘРУАҒЫ ӘРДАЙЫМ ҚОЛДАСЫН», – деп жазды Б. Әшімова.

Желі қолданушылары да жылы лебіздерін білдірген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары