Испания Кордова провинциясында болған ірі теміржол апатынан кейін үш күндік аза тұту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы елдің премьер-министрі Педро Санчес мәлімдеді.
«Біз бүгін түн ортасынан бастап (20 қаңтар) бейсенбі түн ортасына дейін жалғасатын үш күндік ресми аза тұтуды жариялаймыз», – деді үкімет басшысы.
Ол сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қоғам тарапынан толық қолдау көрсетілетінін уәде етті және апат себептерін тергеу барысында толық ашықтық қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Испанияда 18 қаңтар күні кешке екі жоғары жылдамдықты пойыз рельстен шығып кетті. Оқиға салдарынан 39 адам қаза тапты.