Шымкентте ер адам 16-қабаттан құлап көз жұмды

/
Шымкентте ер адам 16-қабаттан құлап көз жұмды
istockphoto.com

Шымкентте ер адам 16-қабаттан құлап қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, полицияға көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға бойынша суицид фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары