Теміртауда автокөлік қаққан зейнеткер көз жұмды

/
Теміртауда автокөлік қаққан зейнеткер көз жұмды

Жол апаты 12 қаңтар күні Теміртау қаласындағы 8 шағын ауданда болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын-ала мәлімет бойынша 23 жастағы Nissan Cefiro маркалы автокөліктің жүргізушісі автотұрақтан кері бағытта қозғалған кезде 73 жастағы әйелді қағып кеткен.

Алған жарақаттарының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

Жаяу жүргіншіні қағып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция жүргізушілерді аула ішінде және автотұрақтарда маневр жасау кезінде барынша мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары