Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс сотқа жолданды

/
Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс сотқа жолданды
Фото:primeminister.kz

Астанада бұрынғы шенеунік Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты резонансты іс бойынша тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Елорда прокуратурасының мәліметінше, іс ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша тергелген.

«Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300–305-баптарының талаптарын сақтай отырып, сотқа жолданды», – деп мәлімдеді прокуратура.

Істің өзге мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Елорда сотының баспасөз қызметі істің Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотқа түскенін хабарлады. Істі судья Айжан Күлбаева қарайды. Ол бұған дейін Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша іс аясында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа үкім шығарған. Алдын ала сот тыңдауы 19 қаңтарға белгіленді.

Еске салайық, 30 қазанға қараған түні Ержан Бабақұмаров танысымен төбелесіп, қаза тапқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары