Жол апаты бүгін Республика даңғылы мен Иманов көшесінің қиылысында болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Lexus автокөлігі Республика даңғылы бойымен қозғалып келе жатып, Иманов көшесіне солға бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан маршруттық автобусқа жол бермеген, соның салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алған.
«Соққы салдарынан маршруттық автобус жол белгісін қағып кеткен. Белгі ұшып барып, дүкеннің витриналық әйнегіне зақым келтірді. Ал Lexus автокөлігі инерциямен негізгі жол — Республика даңғылына қосалқы жолдан шығып келе жатқан Chevrolet Cobalt көлігіне соғылды», – деп мәлімдеді полиция.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде, тексеру жүргізіліп жатыр.