Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен Түркиядағы турнирде топ жарды

/
Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен Түркиядағы турнирде топ жарды
Оlympic.kz

Жарыстың алғашқы күнінде грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы бірнеше жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Юсуф Ашрапов алтын медаль жеңіп алып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Сондай-ақ қазақстандық «классиктердің» қоржынында екі қола жүлде бар. 63 келіде Еркебұлан Ардақов пен 97 келі салмақта Рахат Бержанов үшінші орынға ие болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары