Қарағандыда КамАЗ жеңіл автокөлік Chevrolet Nexia-мен соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің түсініктемесіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы 7 қаңтар күні шамамен сағат 17:30-да Ескі әуежай ауданында болған.
Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Nexia автокөлігінің жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факт полицияда тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады ПД.