Бокстан әлем чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Бекзат Нұрдәулетов Маңғыстау облысы бокс бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Бүгін мен үшін жауапкершілігі жоғары жаңа кезең басталды. Мен Маңғыстау облысы бокс бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің басшысы қызметіне тағайындалдым.
Басшы болу — атақ үшін емес, жүйе құру, жастарға жол ашу, спортты дамыту үшін. Алға қойған мақсат айқын. Жұмыс енді басталды», - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін дейін аталған лауазымда Әділбек Ниязымбетов болған еді.
Еске сала кетейік, Бекзат әлем чемпионы атағынан бөлек 2024 жылы Азия чемпионы және 2025 жылы Әлем кубогінің иегері атанған болатын.