Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 508,91 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 3,19 теңгеге төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің 8 қаңтарға арналған ресми доллар бағамы — 512,83 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 512,28 теңгені, сату бағамы 515,48 теңгені құрайды. Астанада айырбастау орындарында доллар орта есеппен 509 теңгеден сатып алынып, 516 теңгеден сатылуда. Шымкентте долларды орта есеппен 511,98 теңгеге сатып алып, 514,12 теңгеге сатуда.
Еске салайық, күндізгі сауда қорытындысы бойынша 29 желтоқсанда доллардың орташа сараланған бағамы 0,52 теңгеге өсті, 30 желтоқсанда 1,58 теңгеге төмендеді, 31 желтоқсанда 3,02 теңгеге өсті, 5 қаңтарда 5,53 теңгеге, ал 6 қаңтарда 1,46 теңгеге көтерілді.