Талдықорғанда банкоматты тонамақ болған жігіт ұсталды

/
Талдықорғанда банкоматты тонамақ болған жігіт ұсталды
istockphoto.com

Талдықорған қаласында екінші деңгейлі банктердің біріне тиесілі банкоматты тонамақ болған азамат ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол таңғы уақытта құралдарды қолданып, банкоматты бұзбақ болған. Шамамен жарты сағат бойы ол құрылғыны ашуға әрекет жасағанымен, ақшаға қол жеткізе алмаған.

Қалалық камералар желісі, сондай-ақ жеке тұрғын үйлер мен сауда нысандарындағы бейнебақылау жүйелерін пайдалана отырып, полицейлер күдіктінің кеткен жолын анықтады. Нәтижесінде 45 жастағы күдіктінің жүрген жері анықталып, ұсталды. Ұсталған сәтте ер адам алкогольдік мас күйде болған.

Қазіргі уақытта банкке келтірілген материалдық шығын көлемі бағалануда, сондай-ақ заңнама аясында қажетті тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары