Талғарда 4 жыл бұрын басталған магистралды су құбырының құрылысы былтыр желтоқсанда тоқтап қалды, деп хабарлайды turkystan.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Себебі жобаны жүзеге асыруға қажетті 4,6 млрд теңге толық бөлінбеген. Қазір қысымның төмендігінен көпқабатты үйлерге су көтерілмейді. Әсіресе жазда тұрғындар тіршілік нәрін сырттан тасып ішуге мәжбүр.
Құрылысты аяқтау үшін әлі 1,7 млрд теңге қажет. Соның 600 млн теңгесі облыстық бюджеттен бөлінеді. Мамандардың айтуынша, сыйымдылығы 7600 текше метрлік 4 резервуар салынса, шамамен 40 мың тұрғын ауызсу тапшылығынан арылады.
- Өздеріңіз білесіздер, Парламентте 3 жылға қаражат бекітілді. Қазір мен қалған қаражатты қайдан алу керектігі жөнінде сұрап жатырмын, бірақ ешкім әзірге жауабын білмейді. Алматы облысында халықпен кездесу жүргізіп, басқа да мәселелердің бәрін толық білгеннен кейін міндетті түрде әкімімен кездесіп, ұзаққа созбай, мәселені шешу жолын табамыз, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов.