20 қалада 5G желісін қамту 75 пайызға дейін кеңейтіледі – министр

/
20 қалада 5G желісін қамту 75 пайызға дейін кеңейтіледі – министр
istockphoto.com

Бесінші буынның ұялы байланысын дамыту цифрлық трансформацияның басымдықтарының бірі болып қала береді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазір 5G желісі еліміздің 20 қаласында қолжетімді. Биыл базалық стансаларды орнату жұмыстары жалғасатын болады.

«Осы қалалар аумағының 75%-на дейін қамту үшін жаңа 5G базалық стансаларын орнату жұмыстары жалғастырылатын болады. Сондай-ақ автожолдарды мобильді байланыспен қамту бойынша жоба іске қосылды. Бұл республикалық және облыстық маңызы бар 40 мың шақырым жолды құрайды.  Жобаны алдағы екі жылда аяқтау жоспарлануда», —  деді вице-премьер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары