Ақтөбе облысында көлік қозғалысы шектелді

/
Ақтөбе облысында көлік қозғалысы шектелді
istockphoto.com

Ақтөбе облысында жол жабылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 2026 жылғы 5 қаңтар сағат 16:15-те ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі:

- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-965 шақырым аралығы (ЭКО ойл ЖҚС – Қарабұтақ ауылы);

- «Ақтөбе – РФ шекарасы» автожолының 16-136 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласынан Әлімбет шекаралық өткізу пунктіне дейін);

-  «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 22-99  шақырым аралығы (Жайсан өткізі пункті – ЭКО ойл ЖҚС);

- «РФ шекарасы – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы» автожолының 0-39 шақырым аралығы (Солтүстік айналма жолы).

Жолды 2026 жылғы 6 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары