Абай облысының полицейлері шетелдік отбасыға көмек көрсетті

/
Абай облысының полицейлері шетелдік отбасыға көмек көрсетті
Polisia.kz

Қырғыз Республикасының азаматтары Бородулиха аудандық полиция қызметкерлеріне далада қалдырмай жататын орын тауып бергендері үшін ризшылықтарын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кейде бір сәттік қамқорлық пен жанашырлық адамға үміт сыйлап, ұзақ жолдың ауырлығын жеңілдетеді. Осындай жүрекке жылу беретін оқиғалардың бірі жуырда жол үстінде орын алды.

Қырғызстан Республикасының азаматтары Ресей Федерациясының Сахалинск қаласынан өздерінің тұрақты мекенжайына бет алып келе жатқан болатын. Ұзақ әрі ауыр жол жүргізушіні қатты қажытқан. Шаршаудың салдарынан отбасы аялдап, тынығуға мәжбүр болды. Көлікте екі жасқа толмаған сәби мен аяғы ауыр ана болғандықтан, бұл жағдай бәріне алаңдаушылық тудырды.

Осы сәтте полиция қызметкерлері отбасының жағдайына бейжай қарамай, бірден көмек қолын созды. Олар ең алдымен адамдардың қауіпсіздігін ойлап, жылы сөз айтып, көмектесуге ниеттерін білдірді. Отбасының жай-күйін ескеріп, уақытша қонақүйге орналастыруды ұйымдастырып, тынығып, күш жинауына мүмкіндік жасады. Бұл көмек тек қызметтік міндет емес, нағыз адамгершіліктің көрінісі болды.

Көрсетілген жанашырлық пен қамқорлықты сезінген Қырғызстан Республикасының азаматтары полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғыс білдірді. Олар мұндай сәтте бейтаныс адамдардың қолдау көрсетуі үлкен демеу болғанын айтып, полиция қызметкерлерінің кәсібилігімен қатар, адами қасиеттерін ерекше атап өтті.

«Біз жолда жалғыз қалмайтынымызды сезіндік. Қиын сәтте қолдау көрсеткен полиция қызметкерлерінің мейірімі мен жанашырлығы көңілімізге үміт ұялатты», – деді олар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары