«Әкеме жеткіземін»: Мұрат Бисембиннің жағдайы туралы жаңа ақпарат белгілі болды

/
«Әкеме жеткіземін»: Мұрат Бисембиннің жағдайы туралы жаңа ақпарат белгілі болды
Instagram/jemappelledai

Қазақстандық танымал актер Мұрат Бисембиннің қызы Instagram желісінде әкесінің ауруханада түскен жаңа суреттерін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарияланған суреттерде актер қаламмен эскиз салып отыр.

"Күн сайын кішігірім жеңістер. Достар, сіздерден үлкен қолдау алудамыз. Әр күн сайын бізге ізгі тілектер мен жылы сөздер жазасыздар, мен оларды міндетті түрде әкеме жеткіземін. Ол әрқайсыңызға шын жүректен алғыс айтуда. Біздің отбасымыз осы кезеңде бізді қолдаған барлық адамдарға шын жүректен алғыс айтады", – деп жазды Диана Болатова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары