Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
31 желтоқсан күні сағат 18:00-ден 00:30-ға дейін Астана алаңында қаладағы басты жаңа жылдық концерт өтіп, мегаполис тұрғындары мен қонақтарын бір шаңырақ астына жинайды.
Сахнада отандық эстраданың жұлдыздары, көпшілікке сүйікті орындаушылар мен танымал топтар өнер көрсетеді. Олардың қатарында Макпал Исабекова, Алишер Каримов, Ақылбек Жеменей, Бейбіт Қорған, Ringo, Ninety One, Ayree, Astra, Dakelot, Даулет Жанболат, Жұбаныш Женсенұлы, Диана Исмаил, Бақыт Шадаева, Абай Бегей, Тахмина Әшімбекова, Muzart Life, Інжу Әнуарбек, Әбік Жексен, Асхат Тарғын, Дәлел Уашев, Мақсат Базарбаев, Дәурен Байбөрі және басқа да өнерпаздар бар.
Мерекенің шарықтау шегі дәстүр бойынша салтанатты жаңа жылдық отшашу болмақ. Айта кетсек, жаңа жылдық фейерверк демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады, әрі барлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады.
Жаңа жылды Алматының қақ ортасында — әуенге, жарқыраған шамдарға және ұмытылмас әсерлерге толы күйде қарсы алыңыз!