Астанада Жаңа жылға арналған отшашу қайда өтеді?

/
Астанада Жаңа жылға арналған отшашу қайда өтеді?
Астана әкімдігі

Астанада 31 желтоқсанда сағат 00:00-де демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатын мерекелік Жаңа жылдық отшашу өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отшашулар екі жерде іске қосылады: Ботаникалық бақ және «Атырау» көпіріне іргелес аумақ.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына отшашу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Атырау» көпірі ауданындағы жағалаудың мұзына шығуға қатаң тыйым салынатынын еске саламыз.

Сонымен қатар Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шара өтеді.

31 желтоқсан күні сағат 21:00-ден бастап «Қазақ елі» монументінің жанындағы алаңда, «EXPO» аумағында, сондай-ақ қалалық алаңда (әкімдік алдында) шығармашылық ұжымдар мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін Жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Іс-шараға отандық эстрада жұлдыздары Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, Қазыбек Құрайыш, Серік Ибрагимов, Жұбаныш Жексенұлы, Ақбота Керімбекова, «Меломен», «Бәйтерек» топтары және басқа да әртістер қатысады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары