Маңғыстауда мыңнан астам аурухана қызметкеріне жалақы төленбеген

/
Маңғыстауда мыңнан астам аурухана қызметкеріне жалақы төленбеген
istockphoto.com

Мұнайлы ауданының прокуратурасы аурухана қызметкерлерінің жалақысын төлеттірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру барысында Мұнайлы ауданының прокуратурасы аудандық аурухананың 1040 қызметкерлерінің құқықтарының бұзылғанын анықтады: биылғы қазан айындағы жалақы белгіленген мерзімде төленбеген.

Енгізілген қадағалау актісінің нәтижесімен 273 млн теңгеден астам мөлшерде аурухана қызметкерлердің жалақысын төледі, бұл олардың конституциялық құқықтарын толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары