Жетісу өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты Көктұма ауылынан Достық станциясына дейін жол жабылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті.
— 2025 жылғы 25 желтоқсан сағат 14:00–де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал — Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылы — Достық станциясы) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады, — делінген хабарламада.