Соңғы жылдары медицина қызметкерлеріне жасалатын шабуыл көбейген

/
Соңғы жылдары медицина қызметкерлеріне жасалатын шабуыл көбейген
istockphoto.com

Денсаудық сақтау министрлігінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазин медицина қызметкерлеріне жасалған шабуыл статистикасын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

— 2019 жылдан бері медициналық қызметкерлерге барлығы 280 шабуыл жасалған. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Мысалы, 2019–2020 жылдары жылына бес–он шабуыл тіркелсе, соңғы екі–үш жылда бұл сан 70-ке дейін жеткен, тіпті одан да көп болды, — деді Тимур Сұлтанғазиев Сенаттағы брифингте.

Ол бұған дейін өліммен аяқталған жағдайдың да болғанын еске салды.

— Сол кезде Алматыда дәрігерді жұмыстан шыққан сәтінде атып өлтірген. Биыл да түрлі жағдайлар тіркелді: 25 дәрігерге, 33 орта буын медицина қызметкеріне, жедел жәрдем көлігінің 9 жүргізушісіне шабуыл жасалды. Мұндай жағымсыз үрдіс бар, — деп қосты бірінші вице-министр.

Еске сала кетейік, бүгін Сенат депутаттары заң жобасын екі оқылымда қарап, медициналық қызметкерлерге шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді көздейтін заңды мақұлдады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары