Мемлекет басшысы Астанада жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды

/
Мемлекет басшысы Астанада жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды
istockphoto.com

Мемлекет басшысы Ақордада өткен Астананы дамыту жөніндегі кеңесте елорданың көлік-транзит әлеуетін арттыру үшін жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Үкімет авиа жанармай өндірісін арттыру үшін нақты шаралар қабылдауға тиіс екенін де атап өтті.

 «Үкіметке әкімдікпен бірге осы мәселені мұқият пысықтап, нақты ұсыныс енгізуді тапсырамын. Жуырда біз елімізде толыққанды авиахабтар қалыптастыру мәселесін қарастырдық. Соның ішінде елорда әуежайына қатысты жұмыс та бар. Бірақ Қазақстанда өндірілетін авиа жанармай көлемі жеткіліксіз. Осы жағдай авиахабтарды дамытуға кедергі болуы мүмкін. Сондықтан Үкімет авиа жанармай өндірісін арттыру үшін нақты шаралар қабылдауға тиіс. Бәлкім, жаңа мұнай өңдеу зауытын салу керек шығар. Оның артықшылығы да, кемшін тұстары да бар. Үкімет осыған қатысты өз ұстанымын айқындап, нақты шешім қабылдауы қажет», – деді Президент.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары