Риддерде 101 жастағы соңғы соғыс ардагері қайтыс болды

/
Риддерде 101 жастағы соңғы соғыс ардагері қайтыс болды
mg_ridder

Риддер қаласында 101 жасқа қараған шағында Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері Павел Прокофьевич Альбоха дүниеден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

mg_ridder жазуынша, ол Украинадан Чехословакияға дейінгі жауынгерлік жолдан өтіп, ордендер мен жауынгерлік медальдармен марапатталған. Соғыстан кейінгі жылдары қаланың игілігі үшін ұзақ жылдар еңбек еткен.

Павел Прокофьевич Альбоха 1924 жылы дүниеге келген. Әскери байланыс авиациялық училищесін тәмамдаған соң 565-ші шабуылдаушы авиация полкінде радиоаппаратура механигі болып қызмет атқарды. Украина, Польша, Чехословакия аумағынан өтіп, Жеңісті майданда қарсы алды. Көрсеткен ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

1960 жылдан бастап Павел Прокофьевич Риддер қаласында өмір сүріп, кірпіш зауытында, тұрғын үй құрылысында, жылу электр орталығында еңбек етіп, қаланың дамуына елеулі үлес қосты.

«Оның өмірден өтуімен Риддер қаласы майдангер ұрпақтың соңғы куәгерімен қоштасты. Өмірі төзімділік пен абыройдың символына айналған азаматтың жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады», — деп атап өтті қала әкімдігі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары