«Қыз Жібек» фильмінде Жібектің рөлін сомдаған актриса, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде сөз сөйлеп, естелігін бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Біздің сүйікті Асанәлі ағамыз алыс жолға кетті. Бірақ, Асанәлі ағамыз бідің жүрегімізде мәңгі қалады. Халық Асанәлі ағамызды ешқашан ұмытпайды. Тірі кезінде ағамыз өнер, отбасыға байланысты қанша кітап шығарды. Біздің жазушылар Асанәлі ағамызға арналған әлі талай кітап шығарады. Ол кісі туралы жазатын дүние әлі көп. Асанәлі ағамыздың ойнаған рөлдері, режиссер ретіндегі еңбегі әлі талай айтылады.
Мен өнер жолын бастағанда Асанәлі маған ағамыз аға, актер, ұстаз, дос ретінде көп көмек көрсетті. Ол кезде небәрі 17 жаста болдым. Төлегенім алыс жолға кетті, енді Бекежаным – Асанәлі аға да бүгіннен бастап алыс жолға кетті. Енді жоғарыда бір-бірімен кездесіп, бізге жұлдыз сияқты қарап, қамқорлығын көрсетеді. Әттең, 1 жыл жетпей қалды. Келесі жылы театрымыздың 100 жылдығы тойланатын еді. Қалай болса да, Асанәлі ағаның орнын ешкім баса алмайдыү Сағынатын болаиыз», — деді Меруерт Өтекешова.