Боксшы Сәкен Бибосыновқа 2 млн теңге және сәйгүлік сыйға берілді

/
Боксшы Сәкен Бибосыновқа 2 млн теңге және сәйгүлік сыйға берілді
Орталық Азия Инновациялық университеті

Орталық Азия Инновациялық университетінде университет түлегі, қазақ боксының мақтанышы Сәкен Исмадиярұлы Бибосынов-пен тағылымды кездесу өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесуге екі дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Азия ойындарының жүлдегері атанған спортшы арнайы шақырылып, студенттермен ашық форматта сұхбат жүргізді. Ол өзінің спорттағы жолы, табандылық пен тәртіптің маңызы, жеңіске жетудегі еңбек пен сенім туралы ойларымен бөлісті.

Шара барысында университет басшылығы тарапынан Сәкен Бибосыновқа 2 000 000 (екі миллион) теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталып, сәйгүлік мінгізіліп, шапан жабылды. Бұл – ел мерейін асырған спортшыға көрсетілген зор құрметтің белгісі.

Кездесуге Жұрынов Ғалымжан Мұратұлы – Орталық Азия Инновациялық университетінің құрылтайшысы, Ажидинов Акмалдин Сапардинұлы – Орталық Азия Инновациялық университетінің ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор қатысты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары