Бүгін қазақ халқының даңқты ұлы, Кеңес Одағының Батыры, аңыз қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысында дүниеге келген. Халық қаһарманы майдан даласында ұрыс жүгізудегі әскери шеберлігімен көзге түсіп, ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Қолына қару алған батыр қаламгерлік қырымен де көпшілікке кең танылды. Оның қаламынан «Ұшқан ұя», «Мәскеу үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы» сынды шығармалар туған.
Бауыржан Момышұлы 1982 жылы 71 жасында дүниеден өтті. Ал 1990 жылы Кеңес Одағының батыры атағы берілген.