Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тиісті қаулыға сәйкес, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланған.
Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің сегіз мүшесі бар, оның төртеуі – тәуелсіз директор.
«Бұл корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне сай келеді және стратегиялық шешімдерді тиімді қабылдауды қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Ерболат Досаев 19 қыркүйекте Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған еді.