Ақтөбе облысында құжаттарды заңсыз рәсімдеу дерегі анықталды

/
Ақтөбе облысында құжаттарды заңсыз рәсімдеу дерегі анықталды
Polisia.kz

Ақтөбе облысында полиция МХҚКО (АвтоЦОН) автотұрағында 47 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру нәтижесінде аталған азаматшаның шетелдік есепте тұрған көлік құралдарына сақтандыру полистерін заңсыз рәсімдеу қызметін көрсеткені анықталды. Аталған полистер сақтандыру жағдайы туындаған кезде заңды күші болмаған. Сонымен қатар күдіктінің көлік құралын басқару құқығын беретін өзге де құқық белгілейтін құжаттарды заңсыз дайындаумен айналысқаны белгілі болды.

Күдіктінің автокөлігін тінту кезінде полиция қызметкерлері медициналық анықтамаларды, жүргізуші куәлігін алу үшін оқу курстарынан өткені туралы куәліктерді, сондай-ақ нотариустың мөр таңбасы қойылған толтырылмаған бланкілерді тәркіледі.

Ұсталуына жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізушілердің бірінің сақтандыру компаниясына жүгінуі себеп болған. Тексеру барысында жүргізушінің бұған дейін күдікті әйелден үш ай мерзімге сақтандыру полисін рәсімдегені, алайда сақтандыру төлемін алу кезінде құжаттың жалған екені анықталған.

Аталған дерек бойынша жалған құжаттарды жасау және өткізу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын және ықтимал сыбайластарды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары