2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 524 397 адамды құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайынғы индексациялау шеңберінде ынтымақты зейнетақы мөлшері 8,5%-ға индекстелді (инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып). Зейнетақы төлемдері биыл 8,5%-ға ұлғайды, 2026 жылы 10%-ға өсім қарастырылған. Осы мақсаттарға биыл 4,2 трлн теңге бағытталады жəне 2026 жылы 4,9 трлн теңге бөлу жоспарлануда. Базалық зейнетақы мөлшерін біртіндеп ұлғайту жалғасуда. 2025 жылы жиынтық зейнетақының ең төмен мөлшері (ынтымақты жəне базалық) 95 131 теңгені, ал ең жоғары мөлшері 213 046 теңгені құрады. Ұлғайту нəтижесінде 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 179 219 теңгені құрады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі
2025 жылғы қараша айының басындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 25,2 трлн теңгені құрады. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша үй жағдайларын жақсартуға жəне емдеуге 5,4 млрд теңге сомаға 4 млн өтініш қолдау тапты. Сонымен қатар тұрғын үй жағдайларын жақсарту жəне емдеу құқығын еңбек сіңірген жылдары бойынша жалпы сомасы 141 млрд теңгеге 71 мың зейнеткер пайдаланды. 2025 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыс істейтін халықтың 65 %-ы жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылды.
Міндетті əлеуметтік сақтандыру
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекке қабілеттілігінен айырылу жəне асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша əлеуметтік төлемдердің мөлшері 6,5%-ға өсті. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорының активтері 1 011,7 млрд теңгені құрады. 1,3 млн адам шамамен 853 млрд теңге сомасына төлемдер алды (01.12.2025 ж. сəйкес).