Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды

/
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
Polisia.kz

Орал қаласында криминалдық полиция қызметкерлері автокөлікті заңсыз сатты деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көлік табылып, заңды иесіне қайтарылды.

Тергеу барысында күдіктінің Toyota Camry 50 автокөлігін жалға алу сылтауымен иесінен алып, кейін үшінші тұлғаға иесінің келісімінсіз сатып жібергені анықталды.

Жәбірленуші қала көшелерінің бірінен өз автокөлігін байқап қалып, дереу полицияға жүгінген. Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары көлікті қысқа мерзім ішінде анықтап, иесіне қайтарды.

Белгілі болғандай, автокөлік шетелде тіркелген. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі 7,5 млн теңгені құрады.

Аталған дерек бойынша күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция ескертеді: мүлікті, соның ішінде автокөлікті жалға беру кезінде ресми келісімшарт жасау, сондай-ақ оны алатын адамның жеке басы мен сенімділігіне көз жеткізу аса маңызды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары