Қарағандыда құрылыста қаза тапқан екі жұмысшының өліміне қатысты қылмыстық іс қаралды

/
Қарағандыда құрылыста қаза тапқан екі жұмысшының өліміне қатысты қылмыстық іс қаралды
istockphoto.com

Қарағандыдағы құрылыс нысанында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себепті екі адам қаза тапқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құрылыс объектісіндегі екі шебер құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптардың сақталуына жауапты тұлғалар бола тұра, жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзған. Сол себепті автокранның ішіндегі люлькаға бекітілген трос үзіліп, люлька 20 метр биіктіктен бөлшектеліп жатқан ғимараттың қасбетіне құлаған. Люлька ішінде болған құрылыс фирмасының екі жұмысшысы қаза тапқан.

Туындаған салдардың ауырлығын, жәбірленушілердің пікірін, қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын және іс бойынша жазаны ескере отырып, сот сотталушыларды нақты бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Екі шебердің әрқайсысына 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушылар 3 жыл мерзімге биіктікте құрылыс-монтаждау жұмыстары саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары