Ақмола облысында құны 2,2 млрд теңге болатын жер телімі қайтарылды

/
Ақмола облысында құны 2,2 млрд теңге болатын жер телімі қайтарылды
istockphoto.com

Ақмола облысы прокуратурасы құны 2,2 млрд теңгені құрайтын орман қорының жер учаскелерін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақкөл ауданының прокуратурасымен ауданның туристік кластерін дамытуға кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді шешу мақсатында орман заңнамасы талаптарының сақталуына ұдайы негізде талдау жұмыстары жүргізілуде.

Орман пайдаланушыларының сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық іс-шаралар жүргізу үшін жалға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерін мақсатына сәйкес пайдаланбаған деректері анықталды.  

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы кадастрлық құны 2,2 млрд теңге болатын мемлекеттік орман қорының 10 жер учаскесі мемлекетке қайтарылып, оларды туристік бизнесті ұйымдастыру үшін әлеуетті инвесторларға беру мүмкіндігі жасалды. 

Аталған басым бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары