«–28°С-қа дейін аяз»: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

/
«–28°С-қа дейін аяз»: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөзі

Метеорологтардың мәліметінше, республика аумағының басым бөлігіне кең ауқымды циклон ықпалын жалғастырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осыған байланысты қар жауып, боран соғады, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Таулы аймақтарда боран болжанады. Қазақстанның бүкіл аумағында жылдамдығы 15–20 м/с-қа жететін екпінді жел сақталады, кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнгі және таңғы сағаттарда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман күтіледі. Температуралық фон тұрақсыз болады.

Батыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10–18 градустан 3–13 градус аязға дейін көтеріледі, күндіз 0–15 градус аяздан 3 градус аяз – 5 градус жылуға дейін болады.
Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда температура төмендейді: түнде 7–15 градустан 12–28 градус аязға дейін, күндіз 5–15 градустан 8–18 градус аязға дейін.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температура түнде 3–11 градустан 5–20 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5 градус аяз – 2 градус жылудан 1–13 градус аязға дейін.

Астана

16 желтоқсан – елордада бұлтты ауа райы, қар және боран күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 15–20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде де, күндіз де 9–11 градус аяз.
17 желтоқсан – құбылмалы бұлттылық, кей уақытта қар және төменгі боран. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с. Түнде және күндіз 15–17 градус аяз.
18 желтоқсан – құбылмалы бұлттылық сақталады, кей уақытта қар және төменгі боран. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 15–17, күндіз 13–15 градус аяз.

Алматы

16 желтоқсан – құбылмалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман және көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан 2–7 м/с. Түнде 4–6 градус аяз, күндіз 1–3 градус жылу.
17 желтоқсан – таңертең және күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Түнде 1–3 градус аяз, күндіз 1–3 градус жылу.
18 желтоқсан – түнде қар, күндіз жауын-шашын, кей жерде қатты (жаңбыр және қар), тұман және көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с-қа дейін. Түнде 3–5, күндіз 0–2 градус аяз.

Шымкент

16 желтоқсан – құбылмалы бұлттылық, күннің соңында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Түнде 2–4 градус аяз, күндіз 3–5 градус жылу.
17 желтоқсан – түнде қар, күндіз жаңбыр және қар. Тұман және көктайғақ болжанады. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Түнде 3–5 градус аяз, күндіз 2–4 градус жылу.
18 желтоқсан – түнде қар сақталады, күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын. Тұман және көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Түнде 3–8 градус аяз, күндіз 0–2 градус жылу.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары