«Бурабай» МҰТП құрамына кіретін және ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын Жөкей көлінде заңсыз балық аулаған азаматтарға үкім шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тергеу анықтағандай, 2024 жылдың қыркүйегінде үш азамат алдын ала сөз байласу арқылы үрлемелі қайықтарды пайдаланып, түнгі уақытта көлден жабынды тормен 640 келіден астам балық аулаған.
Мемлекетке келтірілген залал 9 млн теңгеден асты.
1 желтоқсандағы сот үкімімен 3 азамат кінәлі деп танылып, балық аулау кәсібімен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.